Аризона Мемлекеттік университетінің (АҚШ) арнайы өкілдерімен кездесу сәті

Әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі - Аризона Мемлекеттік университетінің (АҚШ) арнайы өкілдері М.Әуезов атындағы ОҚУ- да қонақта болып бірқатар жоспарлар нақтыланды. Атап айтсақ, Аризона университетімен қос дипломды білім алу бағдарламасы, академиялық мобильділік, профессор оқытушылар құрамының аталған университетте іс- тәжірибеден өтуі, сондай-ақ елімізде шет ел университеттерінің өкілдіктерін ашу жөнінде де жан- жақты талқылау жүргізілуде.