«Ашық есік» күні

2014 жылдың ақпан айының алтыншы жұлдызында, сағат 12.00-де М.Әуезов атындағы ОҚМУ «А» ғимаратының №127 А дәрісханасында «Жеңіл және тамақ өнеркәсібі» факультетінің ұйымдастыруымен мектеп бітіруші түлектерге арналған «Ашық есік» күні өткізілді. «Ашық есік» күніне жалпы Шымкент қаласының 7мектебінің бітіруші түлектері қатысты. Атап айтқанда: №44 Б.Момышұлы ЖОМ, №45 мектеп гимназиясы, №88 ЖОМ, №52 М. Өтемісұлы ЖОМ, №62 Төреқұлов ЖОМ, №83 ЖОМ және №84 Циолковский ЖОМ.  Аталған іс – шарада Университет, «Жеңіл және тамақ өнеркәсібі» факультетінде оқытылатын мамандықтар туралы толық мәлімет беріліп, бітіруші түлектерді университет студенттері қатарына шақырды. Жалпы саны ашық есік күніне қатысқан мектеп бітіруші түлектердің саны 93 талапкерді құрады.