«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д.профессор Шингисов А.У. 05.10.2016ж күні «Жануар тектес шикізат өнімдері» тақырыбындағы өткізілген ашық дәріс сабағы

«Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғарғы мектебі

 

«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д.профессор Шингисов А.У.  05.10.2016ж  күні  «Жануар тектес шикізат өнімдері» тақырыбында ЖТ14-2к1,2к2,2а4к  топтарына  ашық дәріс сабағы өткізілді.

            Дәріс сабаққа университет профессорлары: А..Анарбаев, А.Ауешов және Сабиров В. Д.,  ӘК төрайымы А.Сабалахова   және кафедра оқытушылары : Г.Шамбулова, А.Тасполтаева, Қожабекова, Э.Қансейтова, А.Бердембетова, И.Садырбаева  қатысты.

      Мақсаты: студенттерге жануар тектес шикізат өнімдерінің құрамын,  құрылысын, өңдеу тәсілдерін  түсіндіре отырып, олардың адам ағзасына тигізетін пайдасы  мен зиянды жақтарын қарастыру. Сонымен қатар жануар тектес шикізат өнімдерінің қолданысы сан-алуан екенін ұғындыру.

  Тақырыпта қарастырылған мәселелер   теориялық және практикалық маңыздылығы жағынан толығымен  ашылып қарастырылды.  Дәрістің  тақырыбы  мазмұны  жағынан толығымен оқу бағдарламасына  сәйкес келеді.

      Дәріс барысында лектор пәнаралық және пән ішілік байланысты айқын байқатты. Мазмұны толығымен қазіргі заманауи  ғылым деңгейімен сәйкес келеді. Дәріс  толығымен  презентация түрінде  ұсынылды.  Дәріс мәліметтері  жүйелі, дәйекті және түсінікті түрде  баяндалды. Дәріс барысында  ғылыми ұғымдар  әр түрлі түсініктер, мысалдар келтірілген. Ғылыми жұмыстардан алынған әдістер және оның шешу  жолдары  ( миға шабуыл, блиц-турнир) қолданылды.

     Студенттер  адал, объективті дұрыс бағаланды. Дәрісте қойылған мақсат толығымен орындалды.