Азық-түлік тағамдар қауіпсіздігі және технологиясы

    
    
Кафедра меңгерушісі
    
Шингисов Азрет Утебаевич

    
Профессор,Қазақстан Республикасының  ауыл-шаруашылық ғылымы академиясының және Ресей Федерациясы жаратылыстану ғылымы академиясының корреспондент мүшесі
    
    
        
Мекен-жайы: Шымкент, Тәуке-хан даңғылы 5,  №5 (Д), каб.305Д      
Тел.: 21-19-84
    
►Профессор-оқытушылар құрамы
    
Жалпы мәлімет
    
    «Азық түлік тағамдар қауіпсіздігі және технологиясы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы: Кафедра 1963 жылы "Тоназытқыш және компрессорлы машина және қондырғылар" деген атпен құрылып және осы бағытта 1995 жылға дейін мамандар дайындады. 1995 жылдан бері 1102- Техника және төмен температура мамандығы бойнша мамандар дайындалды. 1993 ж. келесідей тамақ өндірісі мамандықтарына: 4204- Ашыту өндірісі және шарап жасау технологиясы, 4206- Консерві және тағамконцентраттар технологиясы қабылдаулар жүрді. 2001 ж. 554230- Азық-түлік технологиясы (бакалавр) мамандығына қабылдаулар жүзеге асырылды. 2003 жылы барлық тамақ өндірісі мамандықтары біріктірілді.  Бұлар 4206- Балық және май өнімдері технологиясы; 4202- Кондитер және қантты өнімдер технологиясы; 4207- Қоғамдық тамақтану өнімдер технологиясы; 4201- Нан өндірісі және бидай өңдеу технологиясы. 2001 ж. кафедра атауы "Тамақ өндірісі технологиясы және тоңазыту техникасы" болып өзгертілді. 2004 жылдан бастап келесі мамандықтар: 050727-Азық-түлік технологиясы және 050728 – Өңдеу өндірісінің технологиясы мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындау қолға алынды. 2010 жыл қыркүйек айынан бастап кафедра атауы  «Тамақ өнімдері технологиясы» боп өзгертілді.

    2015ж кафедра екі мамандық дайындау мақсатында кафедра екі кафедраға бөлінді.  Біріншісі «Тамақ инженериясы» , екіншісі «Азық түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі,яғни 5В050728 – Өңдеу өндірісінің технологиясы,  5В050727-Азық-түлік технологиясы мамандытары болып саналады.
    
    Біздің жетістіктер
    

    Соңғы жылдары кафедра тұрақты түрде «Азық-түлік өнімдері технологиясы» мамандығы бойынша бакалавр дайындауда.Қазақстанның ЖОО білім беру бағдарламасы  бойынша 2-ші орынды иеленіп келеді және 2016 жылы ҚР ЖОО студенттері арасында өткізілген республикалық пәндер олимпиядасында  5В072700-Азық-түлік өнімдері технологиясы мамандығы III-дәрежелі дипломмен марапатталды.    

Сондай-ақ 2016 жылы ҚР ЖОО-да біздің студенттер студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған республикалық конкурстарда II,III дәрежелі дипломдармен марапатталып,кафедраның білім берудегі беделін асыруда.

  

    2006 ж. бастап кафедра бакалавр және магистрларды қазақ, орыс тілдерімен қатар ағылшын тілінде де оқытып дайындауда. 2012 жылдан бастап «Азық-түлік өнімдері технологиясы» мамандықтары «Политілді» экспериментальды оқыту программасына ендірілді.
    2008 ж. 050727- Азық-түлік өнімдері технологиясы мамандығы ASIIN неміс компаниясында аккредитациядан өтті.
    Кафедра меңгерушісі Ресей Ғылым академиясының академигі атағын алып, кафедраның жас мамандарына жұмыста  талпыныс беруде.
    Кафедрада  2015ж. 3 авторлық куәлік  алынып,7 авторлық куәлік алуға ұсыныс жасалынды.  СНО жұмыс нәтижелері болып студенттік конференцияға қатысушылар саны  артып келеді.Сонымен қатар 2015-2016 оқу жылдарында ПОҚ және оқытушылар бірігіп, түрлі тақырыптарда  мынадай ашық сабақтар пен семинарларды жоғары деңгейде  өткізді
    
    Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шаралар
    
    ЖТ-16-2к2 тобында өткізілген «Адамгершілік – асыл қасиет» атты ашық тәрбиелік сағат туралы

    
    2016 жылдың 29 қараша күні сағат 9.00-де ЖТ-16-2к2 тобында «Адамгершілік – асыл қасиет» атты ашық тәрбиелік сағат өткізілді. Бұл ашық сабаққа «Тәрбие және жастар саясаты» департаментінің директоры Ербол Рәбілұлы, Университеттің аға тәлімгері Сембай Дайрабайұлы, «Тоқыма және тамақ инженериясы»жоғары мектебінің деканы Ботабаев Н.Е., кафедраның меңгерушісі Шингисов А.У., жоғары мектептің аға тәлімгері Исабаев Қ.А., кафедраның аға тәлімгері Садырбаева И.Р.,  ЖТ-16-2к2 тобының тәлімгері Желеуова Ж.С. қатысты. Сабақта интерактивті тақта қолданылып, аудиторияның іші атақты ақын жазушылардың, философтардың нақыл сөздері жазылған плакаттармен безендендірілді. Ашық тәрбиелік сағат концерттік бағдарлама ретінде өткізілді, яғни тақырыпқа сай ән де, би де, күй де орындалып, баяндама оқылып, қара сөздер айтылып, ойындар да ойнатылды. Өткізілген ашық тәрбиелік сағат келген қонақтардың көңілінен шығып, өздерінің тілектерін айтып, ойларын білдіріп кетті.

    

    Ғылыми-зерттеу жұмыстар
    

    2012 жылдан бастап кафедраның ПОҚ,кафедра доценті,т.ғ.к., А.Ю.Бейсенбаевтың жетекшілігімен келесі тақырыптағы ғылыми жоба: «Дәрілік өсімдіктер мен дәнді-дақылдарды комплексті өңдеу жолымен диеталық және емдік-профилактикалық тамақ өнімдерін алудың прогрессивті технологиясын жасау» ҚР БжҒМ грантын 13,5 млн.теңге ұтып алды.Кафедраның ПОҚ және оқытушылары да осы тақырыпта жұмысқа кірістірілді.

    Келесі тақырыптағы ғылыми жобалар:   - «Ет өнімдерін сүрлеу үшін түтінсіз полифито-сұйық препараты өндірісі технологиясын жасау» (ғылыми жетекші  т.ғ.д., проф. Шингисов А.У.), қаржыландыру көлемі – 37,5 млн. теңге. 1.  - «Сүт қышқыл өнімдерін сақтау мерзімін ұзарту үшін отандық өсімдік шикізаттарынан антиоксидант алу технлогиясын жасау» (ғылыми жетекші  т.ғ.д., проф. Шингисов А.У.), қаржыландыру көлемі – 37,5 млн. теңге. 
    2013ж. «Өңдеу өндірісі технологиясы» кафедрасында мемлекеттік тематикага сай келесідей ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде:
    Шифр Б-11-07-17 Жеміс және көкөніс өнімдерін ұзақ сақтауға өндіру және қайта өңдеудің инновациондық технологиясын жасау. Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Бейсенбаев А.Ю.
    Шифр Б-11-07-19 Дәрілік шөптерді қолдану арқылы жергілікті шикізаттардан диеталық, емдік-профилактикалық өнімдер өндірісінің иновациондық технологиясын жасау. Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Бейсенбаев А.Ю.
    Шифр Б-11-07-20 Функциональдық негізге ие ет өнімдерінің технологиясын жасау. Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Абишев М.Ж.
    Шифр Б-11-07-21 Тамақ өндірісі шикізаттарын терең өңдеу техникалары мен технологияларын жетілдіру. Мелассадан сироп өндіру технологиясын жасау және оны тамақ өндірісінде қолдану.  Ғылыми жетекші:  т.ғ.д., профессор Шингисов А.У.
    Шифр Б-11-07-22 Тамақ өндірісінде екіншілік шикизаттарды қолдану негізінде эффективті ресурссақтау технологияларын жасау. Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент  Шамбулова Г.Д.
    Шифр Б-11-07-23 Өсімдік негізіндегі бірнеше функциональдық тағамдық ингредиенттерді қосу арқылы алынатын өнімдердің инновациондық технологиясын жасау. Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Тасполтаева А.Р.
    Шифр Б-11-07-24 Тамақ өнімдерінің сапасын жақсарту үшін емдік-профилактикалық өсімдік шикізаттарын ендірудің инновациондық технологиясын жасау. Ғылыми жетекші: х.ғ.к., доцент Мусаева С.А
    2015-2016 оқу жылдарында кафедраның ПОҚ Европа мен шетелдерден SKOPS, Tomson Reiders баспаларында ғылыми еңбектері жарық көрді.Алда көптеген жоспарлы мақалалар жариялануға дайын
    
    1.Шаруашылық келісім-шарт негізіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары саны және тақырыбының атауы, қаржыландыру көздері, қаржы көлемі және жұмыстар нәтижелері ( Шаруашылық келісім-шарт негізіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары тақырыптары, қаржы көлемі және олардың натижелері бойынша өзгеру диаграмма құру)
    
    Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелері өсімдік май өндіріс орындары «Арай» және «Шымкентмай»  сондай-ақ сүт өнімдері өндірісі бойынша «Шымкентсут» өнеркәсіп орындарына, сонымен қатар оқу процесіне лекциялық және лабораториялық жұмыстарға ендірілді.  
    Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелері бойынша соңғы бес жылда кафедрамызда біршама ғылыми дәрежелер алынды,сондай-ақ , 16 магистрлік диссертация қорғалды, азық-түлік өнімдері технологиясы бойынша 2 доцент дәрежесі берілді, 1 монография, 120-дан астам мақалалар ғылыми журналдарда, Қазақстан және шетел халықаралық конференциялар еңбектері жинақтарында  басылып шықты, 5 патент және ҚР алдын ала 6 патент алынды.
    
    «АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІ» КАФЕДРАСЫНЫҢ
    
    ІС- ТӘЖІРИБЕ БАЗАЛАРЫ​

Кәсіпорын

атауы

Кәсіпорынның

іс-әрекеті

 

 

Кәсіпорынның

мекен жайы және телефоны

 

1

 

Тетрапакеттердегі және шыны ыдыстардағы шырындар өндіру, ПЭТ бөтелкелердегі ішетін ас суларын, алма концентратын өндіреді

 

ОҚО, Түлкібас ауданы,  Керейт ауылы, Мырзатай 3 көшесі, «В», тел.:872538-583-03,

сот. 87777222322

2

ЖШС «Меркенский сырзавод»

Сүтқышқылды өнімдердің ассортименті, сары май, сыр, пастатәріздес  сырлар, сүт сусындары, шұжық пішіндес сыр, сыр сулугуни

 

Қазахстан Республикасы, Жамбыл облысы, Меркен ауданы, Ойтал ауылы, Желтоксан көшесі -1.

Тел.:(72632)4-35-04,

(72632)4-36-31

3

АҚ «Шымкент май»

Өсімдік майлары: Рафинадталған дезодирленбеген

(ароматты) және дезодирленген (иіссіз) майлар

Қазахстан Республикасы, Шымкент қаласы, Моторнаякөшесі- 1.

Тел.: 8(7252)43-81-82

Факс 8(7252) 43-81-88

e-mail: www.donya.kz

4.

ЖШС «Байтерек-4»

Жемістер мен көкөністерді өңдеп және консервілеу: джемдер тосаптар, маринадтар, шырындар өндіру

Қазахстан Республикасы, ОҚО, Түлкібас ауданы, Түлкібас поселкасы, Кобей көшесі 58, 8(7253)86-07-05, 

 8(775)546-46-86,

e-mail: info@ospanoff.kz

5

ЖК «Азамат»

Жемістер мен көкөністерді өңдеп және консервілеу: джемдер тосаптар, маринадтар, шырындар өндіру

Қазахстан Республикасы, ОҚО, Шымкент қаласы Сайрам ауданы н/ү

6.

СТК «Майлыкент-сүт»

 

 

 

 

 

 

Сүт өнімдерінің түрлері:

Сары май, қыздырылған сары май, сүтқышқылды өнімдер, ірімшік, кілегей және т.б.

Қазахстан Республикасы, ОҚО, Түлкібас ауданы,  ,  Азаттлык ауылы, М.Сартбаев көшесі- 20.

Тел.: 87755608708,

87016322264, 8(725-38)56-856

e-mail:  mailikent-sut@mail.ru

7

RixsosKhadishaShymkent

Ұлттық және шет ел асханаларының тағамдары, тәтті тағамдары мен десерттері

Қазахстан Республикасы, ОҚО, Шымкент қаласы, 160021г.Шымкент,

Желтоксан көшесі- 17.

8

ЖШС «Прод групп-2050»

Жылқы етінен жасалған ет консервілерінің өнімдері

Қазахстан Республикасы, ОҚО, Шымкент қаласы Турлан м/ауданы, Сатпаев көшесі, 37а үй. Байланыс телефоны: 8(7252) 533517

e-mailkanathan_ janibek@mail.ru

9

ЖШС «Арай

Өсімдік майлары: Рафинадталған дезодирленбеген

(ароматты) және дезодирленген (иіссіз) майлар

Қазахстан Республикасы, ОҚО, Шымкент қаласы, Сайрам ауданы н/ү.

10

ЖШС «Алтын дән»

Сүтқышқылды өнімдердің ассортименті сары май, сыр, сүтқышқылды сусындар, ұнды және ұн өнімдері, жайма

Қазахстан Республикасы, ОҚО, Шымкент қаласы 160050,Еңбекші ауданы, Цурюпа 2 өткелі.

Тел.: 8(44-34-427252)

Факс: 44-30-68

e-mail: altyn-dan.kz

    Іс-тәжірибе базалары​

      

    Студенттер іс-тәжірибесі оқу процессінің бірден-бір маңызды әрі міндетті формасы болып табылады. Аталмыш білім программасы бойынша бакалавр іс-тәжірибе базалары болып ғылыми-зерттеу ұйымдары және тамақ өнімдерін өндіретін өнеркәсіп орында Rixsos Khadisha Shymkent, ЖШС «Арай», ЖШС «Прод групп-2050», ЖШС «Алтын дән», ЖШС «Байтерек-4» ЖШС, ЖШС «Меркенский сырзавод», ЖШС «Арсен-Ас», ЖК «Азамат» тағы басқалар табылады. Бұл аталған ұйымдармен студенттердің түрлі іс-тәжірибе түрін өтуіне арналған келісім-шарт жасалынған.

    «Азық түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі » кафедрасында академиялық ұтқырлық

    Академиялық ұтқырлық деп арнайы уақыттық мерзімге басқа білім беру немесе ғылыми ұйымдарға оқытушылар немесе студенттерді оқуға, сабақ беруге, ғылыми жұмыспен айналысуға немесе біліктілігін арттыруға жіберуді айтамыз.Біздің   «Азық-түлік өнімдер технологиясы» кафедрасы бұл бағытта белсенді жұмыс жасауда, жыл сайын академиялық ұтқырлық программасы бойынша кафедраның үздік студенттері семестрлік оқу жылын серіктес-вуздарда өтуде. «Азық-түлік өнімдер технологиясы» кафедрасы студенттер үшін академиялық ұтқырлық программасын халықаралық келісім-шарт негізінде келесідей шетел және ТМД серіктес вуздарда жүзеге асыруда:
    2016-2017 оқу жылдары академиялық тұтқырлық бағдарламасы бойынша Латвия ауылшаруашылық университетінде 2 студент: Сейданова Лаура, Сейіт Арайлым 5В072700-Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандығы бойынша білім алды.

  

    Ішкі академиялық тұтқырлық бағдарламасы бойынша 2016-2017 оқу жылында еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындары Алматы Технологиялық университеті (Алматы қаласы), Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде (Орал қаласы), С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттерінде (Астана қаласы) кафедрамыздың 3 студенті білім алды.
    Шетелдік ғалымдармен бірлесіп ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу жолға койылуда. Болгария, Ресей, Белгия ғалымдары біздің кафедраның магистранттарының шетелдік ғылыми кеңесшісі болып табылып, бірлесіп ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге белсене қатысуда, және де Шымкентке келіп лекция оқуда. 2012-2013 оқу жылдары күзгі және көктемгі семестр барысында 5 шетелдік профессорлар біздің «Азық-түлік өнімдер технологиясы» кафедрасына келіп лекциялық курстарын жүргізді.

Сейданова Лаура

5В072700-Азық-түлік өнімдерінің технологиясы

ЖТ-13-2к4

4

к/о

ақысыз

Латвия ауылшаруашылық университеті. Латвия.

Сейіт Арайлым

5В072700-Азық-түлік өнімдерінің технологиясы

ЖТ-13-2к4

4

к/о

ақысыз

Латвия ауылшаруашылық университеті. Латвия.

Халықаралық әріптестік
    
Кафедраның халықаралық әріптестік жұмысқа қарқынды дамып келеді.Көптеген шетел ЖОО-мен бірлесе жұмыстар жасалуда.Атап айтсақ,Санкт-Петербург Ұлттық Зерттеу Университетімен (Россия),Жемістердің технологиясы және сақтау Университеті (Болгария),Тағам технологиясы Университеті (Украина),сонымен қатар Ауыл шаруашылық Университеті (Латвия) ЖОО мен тығыз байланыста.

  

    Кафедраның меңгерушісі д.т.н.,профессор Шингисов А.У. Санкт-Петербург Ұлттық Зерттеу Университетінде кандидаттың диссертацияға қатысып,пікір білдірді. Жемістердің технологиясы және сақтау Университеті  Болгария ЖОО-нан профессор Желязко Симов кафедра студенттерімен ПОҚ дәріс оқыды,сонымен қатар Тағам технологиясы Университетінің (Украина) д.т.н. А.О. Кастиковтың кафедрада дәріс жүргізуді осы әріптестіктің айқын дәлелі.