Болашаққа серпіліс

         Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында 6 бағытқа басымдық берілген. Соның бірі - білім беру жүйесін жаңаша жетілдіру. Осы орайда облыс бойынша ауқымы кең жұмыстар атқарылып келеді.

        Құндылықтар жүйесінде тек білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана зор табысқа жетеді. Жастар басымдық беретін межелердің қатарында білімнің үнемі бірінші орында тұруы шарт. Бұл - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ойы. Іргелі ілім үйрету арқылы шәкірттерді шынайы патриот қылып қалыптастыруға болады. Бүгінгі әлемдік бәсекелестік заманында бізге сергектік пен серпіліс керек. Президент ұсынған тың идеялар - жаңа нәтижелі көкжиектерге бастайтын серпіліс. Бұл ретте барлық оқу орындары қоғамдық сананы жаңғыртудың қозғаушы күші болуы тиіс. Төл тарихымызды білу де – парыз. Өткенге зер салмай болашақты болжауға болмайтындығын түйсінетін уақыт та келіп жетті. Сол себепті балаларды ұлттық құндылықтарға бай, тіліне, діліне, тарихына, әдебиеті мен мәдениетіне, салт-дәстүріне берік, рухы мықты, танымы мен тағлымы кең тұлға ретінде қалыптастыру барысында ең негізгі сын да, салмақ та ұстаздарға артылатыны түсінікті.  

         «Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімді және білікті адамдар ғана табысқа жетеді. Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген жолдар әр ұлт болашағына ой салары анық, бұл жолдар еліміздің ұлтжанды жастарының жастанып жатар құндылығы болуы тиіс. Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар жақсы жүзеге асуда.

    Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің ролі зор.  Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды.М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде тоқыма өнеркәсібі бойынша мамандар даярлайтын «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасының да ұстанып отырған бағыты Елбасының болашаққа болжаған кемел бағытымен ұштасуда.  Қазіргі таңда университетімізде үш тілді білім беру бағдарламасы  қалыптасқан.Үш тіл немесе оданда көп тіл білетін жастарымыздың шәкірттеріміздің қатары күн санап көбейіп келеді. Олар өз туған тілін, тарихын, салт дәстүрін жақсы біледі, өте білімді жастар. Олар – біздің қуанышымыз. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, алған білімін шынайы өмірмен ұштастырып, яғни қaтаң бәсекe жағдайында өміp сүруге тәpбиелеуі керек. Біздің ұстаздардың бойынан осындай қасиеттері жетерлік деп мақтан тұтып айта аламыз. Болашақ белгілі маман иесі боламын деген жастарға кәсіптік-бағдар жұмысын мектеп қабырғасынан дұрыс жүргізу қажет. Қазіргі таңда тоқыма саласының мамандары жоғары сұранысқа ие. Бұлай деп айтуымздың  өзіндік себебі бар.   Облысымызда  тоқыма өнеркәсібінің  қарыштап дамып жатқан жайы бар. Оған дәлел - «Оңтүстiк» АЭА-да бүгiнде жалпы құны 22,6 млрд, теңгенi құрайтын 1445 жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкiндiк берген 8 жоба жұмыс iстеуде. Мұндағы «Azala textile» фабрикасы мақта мен жүннен жiп иiрумен айналысса, «АГФ-Групп» тiгiн фабрикасы тiгiн өнiмдерiн шығарады, «Хлопкопром-Целлюлозада» мақта целлюлозасы шығарылады. «Шымкент-Кашемир» – дайын тоқыма бұйымдарын өндiрiп, ендi қой және түйе жүнiнен көрпе тiгудi қолға алмақ. «Қағаз-шахар» картон-қағаз өндiрiсiмен айналысса, «Бал текстиль» мен «Назар текстильде» кiлем тоқылады. Яғни, бұл аймақ Оңтүстiкте жеңiл өнеркәсiптi, оның iшiнде тоқыма өнеркәсiбiн дамыту мақсатында ашылған.

           Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымы Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс.

           Ойымызды қорытындылайтын болсақ, жаңа жағдайдағы рухани жаңғыру баршамыздан жаһандық өзгерістерге және жаңашылдықтарға дайындықты және ұмтылысты қажет етеді. Өйткені, біз айрықша серпінділікпен жылжып жатқан зымыран уақытта өмір сүрудеміз. Әлемге танымал америкалық экономист Джон Коттер өткен ғасырдың 90-ы жылдары өзінің «Өзгерістердің алдында» атты кітабында бәсекелестерден ілгері болу үшін міндетті түрде өзгерістерді алдын-ала біліп, оны басқара білу қажеттілігін айтқан болатын. Аталған тезис біздің заманымызда да өзінің өзектілігін жойған жоқ.

Біз біртұтас ұлы ұлттың перзенті екенімізді мақтан тұтуға тиіспіз. Біздің жолымыз айқын, болашағымыз кемел: Жаңару арқылы жарқын болашаққа жетейік!

 

«Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасының аға оқытушысы Бейсенбаева Шұға Қайырханқызы,

«Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасының т.ғ.к., доценті, кафедра меңгерушісі Тогатаев Турабек Үсенбекұлы