Даму институттары мен Министрлікпен қаржыландырылатын фундаментальді, қолданбалы және тәуекелді зерттеулер тақырыптары.

Министрлікпен қаржыландырылатын «Азық түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының грант бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары келесідей тақырыптармен орындалады:

  1. Ет өнімдерін қақтау үшін түтінсіз полифито-сұйықты препаратты өндіру технологиясын жасау. Жетекшісі:  Шингисов А.У.
  2. Ашытылған сүтті өнімдердің сақтау мерзімін ұзарту үшін отандық өсімдік шикізаттарынан антиоксиданттарды өндіру технологиясын жасау. Жетекші: Шингисов А.У.

 

Оқытушылар Абдижаппарова Б.Т. және Уразбаева К.А. TEMPUS QUEECA Халықаралық жоба бойынша ҒЗЖ орындауға қатысады.

«Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасында Білім және Ғылым министрлігімен қаржыландырылатын 2 қолданбалы зерттеу жұмысы орындалады:

  1. Сақиналы иірім жіптің құрылымдық құрылымын жоғарылату жолымен оның сапасын жоғарылату технологиясын жасау. Жетекші: Тогатаев Т.У.
  2. Темір негізіндегі биологиялық белсенді қоспаларды және суда тез еритін витаминдерді жасау. Жетекші: Сабиров В.Х.

 

«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» кафедрасында ҚРБжҒМ қаржыландырылуымен 2 қолданбалы ҒЗЖ орындалады.

1. Тоқыма материалдарын жоғары жылдамдықты жиілікпен сәулелендіру жолымен ақтау технологиясын ғылыми негіздеу және жасау.

2. Иірім жіп сапасын мақта талшықтарын электр өрісінде таңдау жолымен жоғарылату технологиясын ғылыми негіздеу және жасау. Жетекші: Мырхалыков Ж.У.

S