ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ЕЛ БОЛЫП ҚОЛДАЙМЫЗ!

        Тоқыма және тамақ инженериясы жоғары мектебінің ұжымы 2018 жылғы елбасының жолдауын тыңдап жолдауға ундеу тастады.

     Мемлекет басшысы Қазақстанның жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет екенін, біздің басты күшіміз – бірлікте екенін ерекше атап өтті!

БІРІНШІ. Біз 2010 жылдың өзінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске қостық.

ЕКІНШІ. Экономикада бәсекелестікті дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополиялардың қызметі үшін белгіленетін тарифтер саласында тәртіп орнату мақсатымен батыл шаралар қабылдау керек.
ҮШІНШІ. Бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыра түсу керек.

ТӨРТІНШІ. Экспортқа бағытталған индустрияландыру мәселесі экономикалық саясаттың негізгі элементі болуға тиіс.

БЕСІНШІ. Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек.

АЛТЫНШЫ. Инновациялық және сервистік секторларды дамытуға ерекше көңіл бөлген жөн.

ЖЕТІНШІ. Нақты экономиканы өркендету үшін қаржы секторының рөлін күшейтіп, ұзақ мерзімді макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажет.
Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бүгінгі халқына арналған жолдауында жетінші міндетінеде білім берудің бірнеше  жаңа сапасына тоқталды. Ол өз сөзінде  барлық жастағы азаматтарды қамтитын  білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет екенін айтып өтті. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы –өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту екенін жасырмады. ЖОО шетелдердің жетекші университеттерімен, ғылыми  орталықтарымен, ірі кәсіпорындарымен  және трансұлттық корпорацияларымен бірлескен жобаларды белсенді түрде жүзеге асыратындығын, білім беру саласындағы бәсекелестікті арттыру  мен білім беру саласы инвестициялық жобалары және  экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде,  ЖОО-ға білім беру бағдарламаларын жасауға көбірек құқық беріп, олардың академиялық еркіндігі заңнамалық тұрғыдан бекітілетіндігін айқын атап көрсетті.

         Білім саласы бойынша жолдауда айтылған елбасының әрбір сөздері ҚР білім берудің жаңа сапасының пайда болуына жетелейтін, ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуға бастар жол деп ұғуға болады.

Бұл дегеніміз - білім сапсын күшейту, оқытудың мазмұнына замануи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы толықтыру, ЖОО –ға шетелдік  менеджерлерді тартып, әлемдік университеттердің кампустарын ашу -  болашақта білімді мамандардың шығуына бастар айқын жол болып табылады.

       Қорыта айтқанда, Елбасының жаңа бағыты – күшті Президенттік билік, кәсіби Үкімет, жауапты Парламент, сот жүйесі. Осылардың негізінде бізге озық отыз елдің қатарына қосылуға жол ашылды деген сөз.

       Біздің балаларымыз үшін, біртұтас болашағымыз, халқымыздың өсіп-өркендеуі мен бақыты үшін қажетті Үшінші жаңғырту бағдарламасында әрбір азамат өз орнын табатыны сөзсіз.

       Алға, Қазақстан!