ХАБАРЛАНДЫРУ!

Докторантураға құжаттарды қабылдау 10 тамызға дейін жүзеге асырылады

Карантин режимінің ұзартылуына байланысты докторантураға құжаттарды қабылдау 10 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Докторантураға түсу емтихандарын 17-22 тамыз аралығында жоғары оқу орындары өздері өткізеді.

Докторантураға қабылдау 28 тамызда аяқталады.

PhD мамандарын даярлауға арналған мемлекеттік гранттардың саны 1 815 құрайды.

Емтихандарды өткізу кезінде медициналық қызметкерлердің жұмысы ұйымдастырылады, оқуға түсушілерді аудиторияларда отырғызу барысында әлеуметтік қашықтық қамтамасыз етіледі, сондай-ақ қатаң маска режимі сақталады.

@edu_news_qz