ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУ ФОРУМЫ

2020 жылдың 12 маусымында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «ТҮРКІ ӘЛЕМІ: АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ» атты онлайн жүйеде халықаралық мәдени-ағарту форумы өтті.
Мәдени-ағарту форумын М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор Дария Пернешқызы Қожамжарова ашты.
Форум негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың 2017 жылдың 12-сәуіріндегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі идеяларын жүзеге асыруға бағытталды.
Мәдени-ағарту форумын Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрлігінің Алматы қаласындағы «ЮНЕСКО» қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің «МИРАС» Рухани жаңғыру Академиясы (қоғамдық ұйымы) ұйымдастырып, өткізді.