Хоф (Германия) қолданбалы ғылымдар университетінің ғалымдары ОҚМУ оқытушылары, докторанттарымен, магистранттарымен және студенттерімен кездесуі

2018 жыл 23 ақпанда  Хоф (Германия) қолданбалы ғылымдар университетінің ғалымдары ОҚМУ  оқытушыларымен және докторанттарымен, магистранттарымен және студенттерімен кездесу ұйымдастырды.  Екі жақты кездесуде, Хоф (Германия) қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры Вольфранг Шротт және Инновациялық текстиль факультет деканы Майкл Раух Инновациялық текстиль факультетінің жетістіктері мен негізгі бағыттарын айта отырып, ОҚМУ оқытушыларын, докторанттарын, магистранттарын және студенттерін қос диплом және академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыру мүмкіндігіне ие екендігін назарға алды.  Сонымен қатар (Германия) қолданбалы ғылымдар университетінің ғалымдарын біздің университет тоқыма саласына қатысты (студенттер өндірістік іс-тәжірибеден және магистрлер ғылыми-өндірістік іс-тәжірибеден өтетін), атап айтқанда «Бал текстиль» ЖШС өндірісімен таныстырылды.