«Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі»

2013 жылдың 20 қыркүйегінде Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультетінің ТМБ Практикалық қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен университет көлемінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің 70 жылдық мерейтойына және Қазақстан Республикасы Халықтарының тіл мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» атты мерекелік іс- шара болып өтті.
 
Университеттің бірінші проректоры  Ж.Т.Айменов «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі»  атты мерекелік кешті ашу үстінде.
 
«Алтын балапан» және «Нұрсәт» бөбекжай балабақшаларының тәрбиеленуші бөбектері үш тілде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тақпақ оқып, би билеп көрермен көзайымына айналды.
 
Мемлекеттік тілдің ұлт тірегі ғана емес, татулық тірегі екенін бір шаңырақ астында ән шырқап, би билеген түрлі ұлт студенттерінің өнерлері дәлелдеді.