«Мемлекеттік тілдің үздігі»

18-19.03.2013ж. «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының ұйымдастыруымен  «Мемлекеттік тілдің үздігі» атты пәндік олимпиадада болып  өтті. Олимпиадаға университеттің өзге ұлт студенттері қатысып, білімдері мен өнерлерін көрсетті. Екі күндік сайыс нәтижесінде  ФИ-12-3р  тобының студенті Т. Галихина 1-орын иемденсе, 2-орынды ХТ-12-2р тобының студенті А. Ротермель мен  СМ-12-6р тобының студенті   Р. Трач бөлісті. Ал 3-орынды ХТ-12-6р тобының студенті В. Овчинникова мен ЖТ-12-2р1            Ю. Ким  иемденді. Қатысқан студенттерді «Дарынды студент», «Сауатты студент», «Өнерлі өрге жүзер» номинацияларымен кафедра меңгерушісі      Л. Қ. Тұрабаева марапаттады.