«Мемлекеттік тілдің үздігі»

2013 жылдың 29 сәуірінде ОҚМФА-да  өткен «Мемлекеттік тілдің үздігі» атты өзге ұлт өкілдері арасында өткізілген байқауға қатысқан ОҚМУ студенттерінен құралған «Достық» тобы бас жүлдені иемденді. Сайыс жеңімпаздары түрлі дипломдармен, мадақтау хаттармен, сертификаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Студенттер өз өнерлерімен, мемлекеттік тіл  игерудегі біліктіліктерімен көрермен қауымды тамсандыра білді.