М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де «Наурыз-2014»

  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері көктемнің келуі мен барша әлемнің жаңаруын мерекелік бағдарламамен және керемет көңіл-күймен қарсы алды.
    ОҚМУ субүркегішінің жанында аппақ қардай киізүйлер мен алты-бақан орнатылды. Таңертенмен қазандарда палау және наурыз көже дайындалды. Көпшілік университет және қала қонақтарына арналып әр киізүйлерде ұлттық тағамдарға толы бай дастархан жайылды.
    Ашық аспан астында да үстелдер жасалынды. Ол устелдерге университет оқытушылары мен студенттері және барлық қалаушылар шақырылды. Мерекелік сахнада өзіміздің студенттер мен ЖОО-ның шығармашылық ұжымының қатысуымен мерекеге арналған концерт жүрді. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ректоры, т.ғ.д., профессор Ж.Ү.Мырхалықов мырза мерекеге қатысушы барша халықты аталмыш мерекемен құтықтап, зор денсаулық, жанұяға құт-береке, жақсылық және бақыт тіледі. Сонымен қатар Ж.Ү.Мырхалықов мырза, Наурыз – жаңару мен үміттің мерекесі, этностардың ара-қатынасын сақтауға деген ұмтылыс пен дана бабаларымыздың дәстүріне деген адалдықтың белгісі екенін атап өтті.
    Ұлттық киім киген активист-студенттер әр киізүйдің жанында сахналандрылған көріністе құда болу, үйлену және бала тәрбиелеуге байланысты қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін көрсетті. Онда бұл күнде әртүрлі жастағы адамдар мен маман иелері біліп, құрметтейтін «Шашу», «Қыз ұзату», және «Бет ашар» және басқа да ұлттық дәстүрлер көрсетілді. Қазақ халқының ерекшелігі де осында, табиғаттың оянуын осылай керемет түрде атап өтуінде.