Өмір қозғалысты талап етеді

Аз қозғалысты өмір қалпы, отырып жасайтын жұмыс, зиянды әдеттер – бұл құбылыстардың бәрі, сөзсіз біздің денсаулыққа кері әсерін тигізеді. "Дені саудың –жаны сау",  бұл әрине бала кезден таныс сөз, бүгінгі таңда айрықша өзекті. Қазіргі таңда өмір қалпы адам денсаулығы мен ұзақ өмір сүруінің өлшемі болуда. Дене тәрбиесімен айналысушылар өздерін күшті, шыдамды, епті сезінеді.
    Қозғалыс белсенділігін ұлғайта отырып, адамдар барынша қуатты бола түседі, ағзада зат алмасымы шапшаң жүреді, адам өмірінің жасаруы мен тұтас ағза сауығуы жүреді.
    Біздің барлығымызға қозғалыс қажет, бұл жаяу серуендеу, қарапайым жаттығу, жүзу, шанғымен сырғанау, аэробика т.с.с. Олар адамға ұмытылмас сезім силайды.
    Уақытымыздың басым бөлігін отыру жағдайында өткізетін заманға сай жағдайларында күн тәртібінде дене мәдениетіне ағза мен ырғақты қолдау үшін уақыт бөлу қажет.
    Біздің көпшілігімізде таңертеңгі жаттығуды жасауға қарапайым жалқаулық кедергі жасайды, дегенмен оны жеңе отырып, сіз өзіңіздің ұйқыдан кейінгі сәттеріңізді дене жаттығуына жұмсағаныңа өкінбейсіз. Дене шынықтыру жаттығулары көп уақыт алмайды, сіздің қаражатыңызға әсер етпейді. Оның бір жақсысы ол таңертеңнен бастап, қуат береді  және жұмыста да сіз елеусіз қалғып алатын сәтті іздемейсіз.
    Жүгіру әлемге кең әйгілі.
    Оның несі жаксы? Оның пайдасы не?
    Біріншіден, жүгіру мен айналысу көп уақыт пен күшті талап етпейді. Жұмыстан кейін бір сағаттай жеңіл қарқынмен  кез-келген адам жүгіре алады.
    Екіншіден, оның денсаулыққа пайдасы орасан зор.
    Жүгіру – спорттың барынша оңай түрлерінің бірі.
    Тағы бір пайдалы, әрі ең оңай спорт түрі – жүріс.
   Оған көп қуат жұмсаудың қажеті жоқ, нәтижесі барынша жоғары.
   Жүріс – ағзаға сауықтырушы ықпал береді, бұлшықет қызметін жоғарылатады, сүйек қасиетін нығайтады, қозғалыс үйлесімін дамытады, зат алмасымын ынталандырады, салмақ азаюына мүмкіндік береді, жүйке жүйесіне жағымды ықпал етеді.
   Жүрудің кері әсер ету көрсеткіштері жоқ, онымен гипертониямен ауыратындарда айналыса алады. Жүрумен айналысу жүрек-қантамыр ауруларында, өкпе-тыныс алу жүйесінде, жүйке саласында және тіпті айығу кезеңінде де ұсынылады.
   Жүру – тұтас ағзаға нығайтушы ықпал көрсетеді.
   Спорттың әйгілі түрлерінен көпшілік адам тенниспен шұғылданады.
   Теннис – бұл ойын ғана емес, ағзаға пайдасы зор және әдемі қалыпта ұстауға мүмкіндік беретін спорт түрі.
   Теннис іс жүзінде барлық бұлшықеттерді жаттықтырады, жүректі, сүйектерді нығайтып, қан айналымын жақсартады.
   Зерттеулер нәтижесі күнделікті тенниспен айналысатын  60-70 жасар әйелдердің сүйектері  30 жасар әйелдердікіндей берік болатынын көрсетті. Бір сағаттық жаттығу кезінде шамамен  426 килокалорий жұмсалады.
   Егер спорттың бұл түрлері аруларымызды қызықтырмаса, онда одан гөрі қызығырақ бимен айналысуға болады.
   Мамандардың пікірі бойынша, өзін сергек сезіну мен әдемі көріну үшін аптасына тым болмаса  2 рет бимен айналысқан жөн.
   Би қимылдары іш бұлшықеттеріне белсенді күш түсіреді әрі ішкі ағзалардың жұмысын реттеп, әсем жүру мен тік қалыпты сақтауға, әйелдің сымбатты болуына көмектеседі.
   Сонымен қатар, табиғи белсенділік – рух сергектігі, қоршаған ортамен сезімталдық қарым -қатынас негізі – күйзелістерге қарсы тұруға мүмкіндік береді.
   Салауатты өмір салтының маңызы туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұдайы айтып келеді. Нақты сол салауатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады» дегенді  «Қазақстан -2050» саясаты қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси  бағыты атты  кезекті халыққа дәстүрлі жолдауында атап көрсеткен болатын.
   Дене тәрбиесі мен спортпен жүйелі айналысу, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстану қуатты сауықтыру құбылысы, адамның табиғи мүмкіндіктерін арттыру құралы, қоғамды біріктіру арқылы, жастарды зиянды әдеттерден арылту, аурулардың алдын алу, өмір сапасы мен оны ұзартуды жоғарлату арқылы көптеген әлеуметтік мәселелердің шешімі болып табылатыны даусыз.
   Уақыт өткен сайын адамдардың көпшілігі  дене тәрбиесін, спорт пен салауатты өмір салтын таңдайтынына сенгіміз келеді.
 
″Техникалық мамандықтарға
арналған дене тәрбиесі″ кафедрасының
меңгерушісі, доцент                                                                         Қилыбаев Ә.А.