«Практикалық қазақ тілі»

«Практикалық қазақ тілі» кафедрасының аға оқытушысы И.А. Есболаева 2013 жылдың 5-6 сәуір күндері Түркістан қаласының маңайындағы елді мекендерде орналасқан «Қос-қорған» жалпы орта мектебінде, «Ұлықбек» атындағы жалпы орта мектебінде, М.Қазыбеков атындағы жалпы орта мектебінде, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде, «Шобанақ» жалпы орта мектептерінде болып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Мектеп бітіруші түлектерге университетіміз туралы толық ақпараттар қамтылған кітапшалар мен арнайы плакаттарды, факультет мамандықтарын жан-жақты сипаттайтын арнайы кітапшаларды таратып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты, дәл жауап айта білді. Жоғарыда аталған мектеп басшылары да оқушыларға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оңтүстік аймақтағы бірегей әрі беделді оқу ордасы екендігін ұғындыру бағытындағы жұмыстарды әрі қарай жалғастыратындықтарын айтты. И. Есболаева үгіт-насихат жұмыстарымен қатар студент атанудың қиындықтары мен қызықшылықтары, жатақхана өмірі туралы әсерлі әңгімеледі.