Республикалық пән аралық олимпиада «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» кафедрасы ЖТ-14-2ар4 тобының студенттері

      Алматы технологиялық университетінде 2017 жылдың 13-14 сәуірінде  Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізілген ІХ Республикалық пәндік олимпиадасында 5В072700-«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша 3 орын алғаны үшін М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті командасы 3 дәрежелік дипломмен марапатталды.  Бұл Республикалық ауқымды шараға бүкіл Қазақстаннан жоғары оқу орындарынан 17 команда қатысты. Республикалық пәндік олимпиадасы бірнеше кезеңнен тұрды.

    Екі күн бойы әр аймақтан келген жоғары оқу орындарының студенттік топтары өздерінің оқу бойынша жетістіктерін, теориялық білімдерін және де өздерінің алған білімдерін лаборатория мен практика жүзінде көрсетті. Соңғы кезеңде инновациялық ғылыми жобаны қорғау болды. Әр кезең бойы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті командасы өздерінің алғырлығымен, білімділігімен әрі жылдамдығымен көзге түсті.

  Команда  құрамы: ЖТ-14-2ар4 тобының  студенттері  Карлова  Жанель ғылыми  жетекшісі  т.ғ.д., профессор  Шингисов А.У.,  Чистякова  Кристина ғылыми  жетекшісі т.ғ.к., доцент  Шамбулова Г.Д.,  Гапурова  Наргиз  ғылыми  жетекшісі  т.ғ.к., доцент   Қалдыбекова Ж.Б.