Рухани жаңғыру – білімнің салтанат құруы

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты бағдарламалық жолдауы елді жарқын болашаққа бастайтын даңғыл жол болмақ. 
       Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі жан дүниесінің жаңғыруы, санасы, түсінігі жаңа өзгерістерді саралап, дұрыс қабылдай білуінде.
       Рухани жаңғырудың бірнеше бағыттарының бірі білімнің салтанат құруын атап өтсек:

Біздің қанымызда бар қасиет - білімді болуға ұмтылу. Табысты болудың басты факторы - білім. Жыл өткен сайын, біз жүрісі жылдам дамыған дәуірге аяқ басып келеміз. Сондықтан, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт БИІК ТАБЫСТАРҒА ЖЕТЕДІ.

Елдің жарқын болашағы білімді жастардың қолында. Осы тұрғыда ұстаздарға қойылатын талап та жоғарылады. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, алған білімін шынайы өмірмен ұштастырып, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, эконoмика кеңістігіне шығуға, яғни қaтаң бәсекe жағдайында өміp сүруге тәpбиелеуі керек. Ол нaғыз ұстaздың ғана қoлынан келеді.

Болашақ белгілі маман иесі боламын деген жастарға кәсіптік-бағдар жұмысын мектеп қабырғасынан дұрыс жүргізу қажет. Яғни мамандық мен бизнесті айыра білу қажет. Себебі көп жастарымыз, мынау нарық заманында бизнесті таңдасақ дұрыс болуы мүмкін деп жаңылысуы мүмкін. Сол себепті мамандық пен бизнестің атауына тоқтала өтейін.

Мамандық - қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы, адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі.

Бизнес – бұл табыс табуға бағытталған кәсіпкерлік қызмет.

«Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» - деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауындада айтып өткен. Сол себепті болашақ мамандықты таңдағанда, сол мамандығыңыз бизнеспен ұштасып жатса нұр үстіне нұр. Кішігірім кәсібіңіз үлкен корпарацияға айналу үшінде білім қажет, яғни мамандық қажет.

Осы орайда "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі және технологиясы" кафедрасының доценті Мусаева С.А қазанның 18 күні Шымкент қаласындағы № 14 және 19 орта мектептерінің 10 және 11 сынып оқушылар арасында кәсіптік-бағдар жұмысын жүргізді. Мектеп оқушыларының болашақ мамандыққа деген қызығушылығы арта түскені көздерінің білініп тұрды және көптеген қызу сұрақтарына жауап алды. Бұл кәсіптік-бағдар жұмысы қаламыздың басқада мектептерінде жалғасын табады.