Шетелдік ғалым Степанов Сергей Гаевичпен тренинг-семинар

         2019 жылы 29 қазанда Д корпусының 410 аудиториясында Иваново (Ресей) мемлекеттік политехникалық университетінің профессоры Сергей Степановтың қатысуымен «Применение разработанной теории строения тканей полотняного переплетения к решению практических задач» тақырыбында Тоқыма және тамақ инженериясы жоғары мектебінің оқытушылары, магистранттар мен докторанттарға арналған тренинг-семинар өтті.

Шетелдік ғалым Степанов Сергей Гаевич «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасына 2019  арналған шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында 2019 жылдың 14 қазаннан бастап 11-қарашаға дейін білім алушылар мен ПОҚ-ға қатысты дәріс оқу және ғылыми кеңес беру мақсатында келді.