Тамақ инженериясы

Кафедра меңгерушісі 
Уразбаева Клара Әбдіразаққызы
 
химия ғылымдарының кандитаты, доцент.
Мекен-жайы: Шымкент, Тәуке-хан даңғылы 5, блок №1 (А), каб.422А
Тел.: 21-19-84

 

►Профессор-оқытушылар құрамы

 

Жалпы мәліметтер

«Тамақ инженериясы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы

Кафедра 1963 жылы "Тоназытқыш және компрессорлы машина және қондырғылар" деген атпен құрылып және осы бағытта 1995 жылға дейін мамандар дайындады. 1995 жылдан бері 1102- Техника және төмен температура мамандығы бойнша мамандар дайындалды. 1993 ж. келесідей тамақ өндірісі мамандықтарына: 4204- Ашыту өндірісі және шарап жасау технологиясы, 4206- Консерві және тағамконцентраттар технологиясы қабылдаулар жүрді. 2001 ж. 554230- Азық-түлік технологиясы (бакалавр) мамандығына қабылдаулар жүзеге асырылды. 2003 жылы барлық тамақ өндірісі мамандықтары біріктірілді.  Бұлар 4206- Балық және май өнімдері технологиясы; 4202- Кондитер және қантты өнімдер технологиясы; 4207- Қоғамдық тамақтану өнімдер технологиясы; 4201- Нан өндірісі және бидай өңдеу технологиясы. 2001 ж. кафедра атауы "Тамақ өндірісі технологиясы және тоңазыту техникасы" болып өзгертілді. 2004 жылдан бастап келесі мамандықтар: 050727-Азық-түлік технологиясы және 050728 – Өңдеу өндірісінің технологиясы мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындау қолға алынды. 2010 жыл қыркүйек айынан бастап кафедра атауы  «Тамақ өнімдері технологиясы» боп өзгертілді.

 

Біздің жетістіктер

Соңғы 3 жылда кафедра тұрақты түрде «Өңдеу өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша бакалаврлар дайындауда НАЦ МОН РК білім беру программасы рейтингінде 2-ші орын, және «Азық-түлік өнімдері технологиясы» мамандығы бойынша 3-ші орынды иеленіп келеді.

2006 ж. бастап кафедра бакалавр және магистрларды қазақ, орыс тілдерімен қатар ағылшын тілінде де оқытып дайындауда. 2012 жылдан бастап «Азық-түлік өнімдері технологиясы» және «Өңдеу өндірісінің технологиясы» мамандықтары «Политілді» экспериментальды оқыту программасына ендірілді. .

2008 ж. 050727- Азық-түлік өнімдері технологиясы мамандығы ASIIN неміс компаниясында аккредитациядан өтті.

2010 ж. бастап магистрларды екідиплом білім программасы бойынша  Азық-түлік өнімдері технологиясы/Food Science мамандығын дайындауда.

2012 ж. шілдеде Жылкайдаров А. М.Әуезов атындағы ОҚМУ (Шымкент қаласы) және Қолданбалы ғылымдар жоғарғы оқу орны (Гамбург қаласы,  Германия) ғылым магистрі екі дипломын алды.

СНО жұмыс нәтижелері болып студенттік конференцияға қатысушылар санының артуы табылады ( 2009-2010 оқу жылы – 33 доклад; 2010-2011 оқу жылы – 61 доклад, 2011-2012 оқу жылы -75 доклад).  Сонымен, Университет аралық ғылыми студенттер жұмыстары ішінде ЖТ 08-3а тобы студенті Нурунбетова Г., ғылыми жетекшісі х.ғ.к, доцент Қасымова М.Қ. «Функциональды ингредиенттер қосу арқылы крекер технологиясын жасау» тақырыбындағы  жұмысы 1 орын алды. ЖТ 08-2р3 тобы студенті ««Киселька» балмұздағын жасау» тақырыбындағы жұмысы, ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Алексеева Н.В. университет аралық ғылыми студенттер жұмысы ішінде 3-ші орын алды. ЖТ-07-19а тобы студенті Баймедетов Ж. университет бойынша ғылыми-практикалық конференцияда ағылшын тіліндегі «Қант өндірісі қалдығы меласса құрамындағы сахароза гидролизі процессін зерттеу» атты докладымен 2-ші орын алды. Ғылыми жетекшісі х.ғ.к.,  доцент Уразбаева К.А.

Тамақ инженериясы және орталық лабаратория базасында әр-түрлі қоспалар қосу арқылы тәтті нан, ұнды, қантты кондитер өнімдері рецептуралары жасалынып, түрлі шарап және коньяк ішімдіктері дайындалып зеріттелінді. Сонымен 2011 ж. т.ғ.к., доцент Алексеева Н.В. келесі жаңалықтарға 5 инновациондық патент алды: № 26205 Қантты печенье жасаудың құрамы; №26207 Пастила өндіру әдісі; № 26202 Көтерілген печенье дайындау құрамы; № 26203 Пастила өндіру әдісі; № 26206 Балмұздақ өндірісі үшін қоспа.

2011ж.  келесі тақырыптағы ғылыми жоба:

«Дәрілік өсімдіктер мен дәнді-дақылдарды комплексті өңдеу жолымен диеталық және емдік-профилактикалық тамақ өнімдерін алудың прогрессивті технологиясын жасау» (ғылыми жетекші т.ғ.к., доцент А.Ю.Бейсенбаев),  ҚР БМжҒ грантын 13,5 млн.теңге ұтып алды. 

2013 келесі тақырыптағы ғылыми жобалар:

- «Ет өнімдерін сүрлеу үшін түтінсіз полифито-сұйық препараты өндірісі технологиясын жасау» (ғылыми жетекші  т.ғ.д., проф. Шингисов А.У.), қаржыландыру көлемі – 37,5 млн. теңге.

1.  - «Сүт қышқыл өнімдерін сақтау мерзімін ұзарту үшін отандық өсімдік шикізаттарынан антиоксидант алу технлогиясын жасау» (ғылыми жетекші  т.ғ.д., проф. Шингисов А.У.), қаржыландыру көлемі – 37,5 млн. теңге.

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

2013ж. «Өңдеу өндірісі технологиясы» кафедрасында мемлекеттік тематикага сай келесідей ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде:

Шифр Б-11-07-17 Жеміс және көкөніс өнімдерін ұзақ сақтауға өндіру және қайта өңдеудің инновациондық технологиясын жасау. Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Бейсенбаев А.Ю.

Шифр Б-11-07-18 Жаңа заманауи технологиялық линияларды қолдану арқылы жемістер мен көкөністерді кептіру өндірісінің инновациондық технологиясын жасау. Ғылыми жетекші:   х.ғ.к., доцент Уразбаева К.А.

Шифр Б-11-07-19 Дәрілік шөптерді қолдану арқылы жергілікті шикізаттардан диеталық, емдік-профилактикалық өнімдер өндірісінің иновациондық технологиясын жасау. Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Бейсенбаев А.Ю.

Шифр Б-11-07-20 Функциональдық негізге ие ет өнімдерінің технологиясын жасау. Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Абишев М.Ж.

Шифр Б-11-07-21 Тамақ өндірісі шикізаттарын терең өңдеу техникалары мен технологияларын жетілдіру. Мелассадан сироп өндіру технологиясын жасау және оны тамақ өндірісінде қолдану.  Ғылыми жетекші: т.ғ.д., академик  Чоманов У.

Шифр Б-11-07-22 Тамақ өндірісінде екіншілік шикизаттарды қолдану негізінде эффективті ресурссақтау технологияларын жасау. Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Алексеева Н.В.

Шифр Б-11-07-23 Өсімдік негізіндегі бірнеше функциональдық тағамдық ингредиенттерді қосу арқылы алынатын өнімдердің инновациондық технологиясын жасау. Ғылыми жетекші: х.ғ.к., доцент Касымова М.К.

Шифр Б-11-07-24 Тамақ өнімдерінің сапасын жақсарту үшін емдік-профилактикалық өсімдік шикізаттарын ендірудің инновациондық технологиясын жасау. Ғылыми жетекші: х.ғ.к., доцент Мусаева С.А.

 

1.     Шаруашылық келісім-шарт негізіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары саны және тақырыбының атауы, қаржыландыру көздері, қаржы көлемі және жұмыстар нәтижелері ( Шаруашылық келісім-шарт негізіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары тақырыптары, қаржы көлемі және олардың натижелері бойынша өзгеру диаграмма құру)

Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелері өсімдік май өндіріс орындары «Арай» және «Шымкентмай»  сондай-ақ сүт өнімдері өндірісі бойынша «Шымкентсут» өнеркәсіп орындарына, сонымен қатар оқу процесіне лекциялық және лабораториялық жұмыстарға ендірілді.  

Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелері бойынша соңғы бес жылда кафедрамызда 4 кандитаттық диссертация, 16 магистрлік диссертация қорғалды, азық-түлік өнімдері технологиясы бойынша 2 доцент дәрежесі берілді, 1 монография, 120-дан астам мақалалар ғылыми журналдарда, Қазақстан және шетел халықаралық конференциялар еңбектері жинақтарында  басылып шықты, 5 патент және ҚР алдын ала 6 патент алынды.

 

Іс-тәжірибе базалары

Студенттер іс-тәжірибесі оқу процессінің бірден-бір маңызды әрі міндетті формасы болып табылады. Аталмыш білім программасы бойынша бакалавр іс-тәжірибе базалары болып ғылыми-зерттеу ұйымдары және тамақ өнімдерін өндіретін өнеркәсіп орындары:

ЖШС «Нұр», ЖШС «Қайнар-май», ЖШС «Арай», ЖШС Рахат-Шымкент», ЖШС «ЭкоПродуктГрупп», ЖШС «Фудмастер» тағы басқалар табылады. Бұл аталған ұйымдармен студенттердің түрлі іс-тәжірибе түрін өтуіне арналған келісім-шарт жасалынған.

 

«Тамақ өнімдері өндірісі» кафедрасында академиялық тұтқырлық.

Академиялық тұтқырлық деп арнайы уақыттық мерзімге басқа білім беру немесе ғылыми ұйымдарға оқытушылар немесе студенттерді оқуға, сабақ беруге, ғылыми жұмыспен айналысуға немесе біліктілігін арттыруға жіберуді айтамыз.

Біздің   «Тамақ өнімдері өндірісі» кафедрасы бұл бағытта белсенді жұмыс жасауда, жыл сайын академиялық тұтқырлық программасы бойынша кафедраның үздік студенттері семестрлік оқу жылын серіктес-вуздарда өтуде.

«Тамақ өнімдері өндірісі» кафедрасы студенттер үшін академиялық тұтқырлық программасын халықаралық келісім-шарт негізінде келесідей шетел және ТМД серіктес вуздарда жүзеге асыруда:

  • Қолданбалы ғылымдар жоғарғы оқу орны (Гамбург қаласы,  Германия)
  • Анкара Университеті (Анкара қаласы, Түркия)
  • Тамақ өндірісі Мәскеулік мемлекеттік университеті (Мәскеу қаласы, РФ)

2012-2013 оқу жылдары академиялық тұтқырлық программасы бойынша Гамбург қаласында Қолданбалы ғылымдар жоғарғы оқу орнында (Германия) 4 магистрант: Шакирьянова Зульфия Маратовна,  Утебаева Айдана Аскаровна, Алимова Малика Анваровна,  Нурумбетова Гулайна Жансеитовна 6М072800- Өңдеу өндірісінің технологиясы мамандығы бойынша және 1  студент: Орманова Асель Абдуталипқызы 5В072700-Азық-түлік өнімдері мамандығы бойынша білім алды.

Ал Тамақ өндірісі Мәскеулік мемлекеттік университетінде (Мәскеу қаласы, РФ) 4 магистрант: Джанмулдаева Айгуль Кемаладиновна, Кайпова Жанар Нурмаханбаевна, Шакирьянова Зульфия Маратовна,  Утебаева Айдана Аскаровна, 6М072800- Өңдеу өндірісінің технологиясы мамандығы бойынша білім алды.

Ішкі академиялық тұтқырлық программасы бойынша 2012-2013 оқу жылында еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындары Алматы Технологиялық университеті (Алматы қаласы), С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттерінде (Астана қаласы) кафедрамыздың 6 студенті білім алды.

Шетелдік ғалымдармен бірлесіп ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу жолға койылуда. Германия, Ресей, Түркия ғалымдары біздің кафедраның магистранттарының шетелдік ғылыми кеңесшісі болып табылып, бірлесіп ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге белсене қатысуда, және де Шымкентке келіп лекция оқуда. 2012-2013 оқу жылдары күзгі және көктемгі семестр барысында 5 шетелдік профессорлар біздің «Тамақ өнімдері өндірісі» кафедрасына келіп лекциялық курстарын жүргізді.

 

Халықаралық әріптестік

Кафедра ТМД-ның алдыңғы қатарлы басты вуздары: Тамақ өндірісі Мәскеулік мемлекеттік университеті (Ресей), Қолданбалы биотехнология Мәскеулік мемлекеттік университеті, Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті («Биотехнология» кафедрасы), Ивановский химия-технологиялық университеті («Тамақ өнеркәсіп технологиясы» кафедрасы), Кубандық мемлекеттік техникалық университеті (Краснодар қаласы), А.Р. Беруни атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті, Ташкент химия-технологиялық институттарымен («Тамақ өнеркәсіп технологиясы » кафедрасы) тығыз халықаралық байланыста.

Кафедрада шетелдік әріптес вуздармен студенттерді алмастыру программасына және де оқытушылар мен студенттерді әр-түрлі халықаралық байланыстар бағытында шетелде түрлі оқу формаларын және ғылыми тағылымдама өтуіне ерекше мән беріледі. М.Әуезов атындағы ОҚМУ мен шетелдік вуздар арасында ғылыми-техникалық байланыстар бағыты  анықталынды.

Т.ғ.д., профессор Щербаков С.С., К.Тимирязев атындағы МСХА, х.ғ.к., доцент К.А.Уразбаева, Т.ғ.д., профессор, ТӨММУ Тужилкин В.И., э.ғ.д., профессор ВСЭУ Стефани Дырка. Профессор В.И.Тужилкин Әуезов оқылымы-11 пленарлық мәжілісінде 
Гамбург қолданбалы ғылымдар жоғарғы оқу орны профессоры Райнер Завадский  магистр HAW  А. Жилкайдаровқа диплом тапсырудан кейін Кафедра құрамы ТӨММУ ғалым профессоры В.И.Тужилкин мен Анкара университеті профессоры ЛютфуЧакмакчимен танысуы