«Тамақ инженериясы» кафедрасында академиялық ұтқырлық.

Академиялық ұтқырлық деп арнайы уақыттық мерзімге басқа білім беру немесе ғылыми ұйымдарға оқытушылар немесе студенттерді оқуға, сабақ беруге, ғылыми жұмыспен айналысуға немесе біліктілігін арттыруға жіберуді айтамыз.

Біздің «Тамақ инженериясы» кафедрасы бұл бағытта белсенді жұмыс жасауда, жыл сайын академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша кафедраның үздік студенттері семестрлік оқу жылын серіктес-жоо-да өтуде.

«Тамақ инженериясы» кафедрасы студенттер үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасын халықаралық келісім-шарт негізінде келесідей шетел және ТМД серіктес жоо-да жүзеге асыруда:

  • Латвия ауылшаруашылыгы университеті (Латвия)
  • Падуан университеті (Италия)
  • Валенсия Политехникалық университеті (Испания)
  • Гент Университеті (Бельгия)
  • Ақпараттық технологиялар, механика және оптика университетінің суыту және биотехнология институты (Рессей)
  • Тамақ өндірісі Мәскеулік мемлекеттік университеті (Мәскеу қаласы, Ресей)
  • Қолданбалы ғылымдар жоғарғы оқу орны (Гамбург қаласы,  Германия)
  • 2016-2017 оқу жылдары 6М072800- Өңдеу өндірісінің технологиясы мамандығы бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Латвия ауылшаруашылыгы университетінде (Латвия) 3 магистрант: Жумадилова М., Жумабаева Г., Турабек Б. және 1  студент Иманбердиева Аружан, Падуан университетінде (Италия), ал Валенсия Политехникалық университетінде (Испания) 2 магистрант: Налибаев С., Ержанов Б., Гент университетінде (Бельгия) 4 магистрант: Абдугамитова А., Мардзилович О., Орманова А., Сарсенбай Ф. білім алды.

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындары Алматы Технологиялық университетінде (Алматы қаласы) 2 студент: Шалбай Кымбат, Садыр Аяулым, ал С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттерінде (Астана қаласы) кафедрамыздың 2 студенті Мурат Акерке, Сарсенова Айнур білім алды.

Шетелдік ғалымдармен бірлесіп ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу жолға койылуда. Бельгия, Ресей, Италия, Латвия ғалымдары біздің кафедраның магистранттарының шетелдік ғылыми кеңесшісі болып табылып, бірлесіп ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге белсене қатысуда, және де Шымкентке келіп лекция оқуда. 2016-2017 жылдары 5 шетелдік профессорлар біздің «Тамақ инженериясы» кафедрасына келіп лекциялық курстарын жүргізді.