«Тамақ инженериясы» кафедрасында ашық сабағы өткізілді

«Тамақ инженериясы» кафедрасында ашық сабағы өткізілді

 

2017 ж. наурыз айының 15 жұлдызында ЖТ-14-3р тобында «Қант кондитер өнімдерінің ассортименті мен шикізаты» тақырыбында «Макарон және кондитер өнімдерінің технологиясы» пәні бойынша «Тамақ инженериясы» кафедрасының доценті Орымбетова Гулбаги Эмитовнаның ашық дәрісі өтті.

Бұл сабақта, студенттер, қант кондитерлік өнімдерінің түрлерін, кондитер өндірісінде азық-түлік шикізаттардың рөлі мен маңыздылығын,  қанталмастырғыштар немесе тәттілегіштерді қарастырды.
Әрі қарай, студенттерге «Қант кондитерлік өнімдерін өндіру. Карамель» тақырыбында видео бейнесі ұсынылды.
Сабақты өту барысында оқытушы қант кондитерлік өнімдерін өндіру кезінде мәселелерді шешу үшін кейстік тапсырмалар берілді.
Дәрістің соңында білімдерін нығайту үшін студенттер үш топқа бөлінді және кроссворды шешуге кірісті.
Соңында Гүлбаги Эмитовна сабақты қорытындылай отырып студенттердің ұпайларын жария етті, және өзіндік жұмысты орындау үшін тапсырма берді.