Тамырсыз тал болмайды, тарихсыз ел болмайды!

Президенттің Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген  «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласынды – ұлтымыздың болмысын, негізін айшықтап, қазақ халқының тарихын түп тамарынын қозғап, салт дәстүрімізді дәріптеп,  яғни, Қазақстан - Ұлы дала елі екенін  айтып өтті.

Мақаланы оқып отырып түйгенім, сонау тарих тұңғиығына тереңдей еніп, «Біз кімбіз?» деген сұраққа  нақты жауап тапқандай болдым. қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық мұрасы, аспаптары баға жетпес асыл қазынасы екенін дәріптеп отыр. Сол тарихи әрі рухани байлықты сақтап, дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау, дәріптеу әрі қарай дамыту  Қазақстанның болашақта өркендеуіне үлес қосар өскелең ұрпаққа еншілеп бергенін түсіндім.

«Ер қанаты -ат», -деп  өткен  қазақ халқын арғымақсыз елестету мүмкін емес. Тарихымызда өткен көптеген сұрапыл қырғын шайқастарға батырларымыз жылқы мініп, ұлтымызды, жерімізді сақтап қалу үшін курескен. Атқа міну мәдениетін зерттей отырып, қазіргі кезге дейін өз жалғасын тауып келе жатқан ат әбзелдері қазіргі таңда  бойтұмарларымыз десек те болады.

         Қазақ халқының бай тағдырын түгендеп, өткенімізді жаңғырту жолында «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасының маңызының өзі айтпаса да түсінікті болып отыр. «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобасы Әбу Насыр әл-Фарабиді өмірге әкелген орны бөлек Отырар, Қожа Ахмет Яссауи ілім алған Түркістан қалаларын тарих сахнасында қайта жаңғыртып, Бейбітшіліктің символына айналған Астанамызды түркі тілдес халықтардың ортақ ордасына айналдырған Елбасының көрегендігін атап өтсек болады.

«Қазақ тарихында қазақ ұялатын ешнарсе жоқ»,- деп елбасымыздың айтқан сөзімен қортындылап,   келешекте де ұлтымыздың тарихында ел ұялатын ешнарсе болмайды деген сенімдемін.

 

 

Тоқыма және тамақ инженериясы жоғары мектебі деканының

ғылыми істер жөніндегі орынбасары    Ш.К.Бейсенбаева

 

         Тоқыма және тамақ инженериясы жоғары

 мектебінің деканы Н.Ботабаев