Техникалық мамандықтарға арналған жоғары математика

Кафедра меңгерушісі

Аширбаев Хасымхан Атырханұлы,

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Мекен-жайы: 160012. ОҚО, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5.

Телефоны:  8(7252) 30-02-49,  e-mail: wmat@mail.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

 

Жалпы мәліметтер, кафедра тарихы

«Жоғары математика» кафедрасы Қазақ химия-технологиялық институт құрамында 1958 жылы құрылған.

Бірінші кафедра меңгерушісі - Кузнецов М.С.

2005 жылы «Жаратылыстану-педагогикалық» факультетінен бөлініп, «Механика  және  мұнай газ ісі» факультетінің құрамына өтті.

2015 жылы 3 қыркүйектен бастап  «Тоқыма   және  тамақ  инженериясы» жоғары мектебіне қосылды.

2009 жылдан бастап   техника ғылымдарының  кандидаты, доцент 

Аширбаев Хасымхан Атырханұлы басшылық  жасап    келеді.

Кафедра техникалық мамандықтар үшін 6 пәннен сабақ береді.

Кафедрада оқу процесін 14  оқытушы жүргізеді,  олардың  арасында,  7 - ғылым кандидаты,5 аға  оқытушы, 2 магистр оқытушы бар. Кафедра  ғылыми-дәрежелерінің көрсеткіші 50 ℅.

Біздің жетістіктер                                               

Доцент Аширбаевтың Х.А. «Компьютерные модели демонстраций эффектов Томсона и Пельтье» ( Умурзакова Ж.Б., Кабылбековпен К.А. бірлескен) атты интеллектуалді жекеменшік объектісін тіркеу туралы мемлекеттік күәлігі бар.

Доцент Жунисбекова Д.А. Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік бағдарламасына үлкен үлес қосқаны үшін «Фолиант» (Астана қаласы) баспасының арнайы дипломымен марапатталған.

20 ғасырдағы қазақ ұлтынан шыққан  ғалым, математик, академик Мұхтарбай Өтелбаев атындағы  кабинеті ашылды.

Мұнда ғалымның өмірі, еңбеккорлығы, шыққан биігі, математика саласында ашқан ғылыми жаңалықтары  көр­сетілген.

Білім және тәрбие саласына сіңірген еңбегі үшін 2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы «Qurmet-AB» Қоғамдық бірлестігінің 1 тамыз 2013 жылғы №01-0003 шешімімен «Білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталған. Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы №655 куәлігімен «Ы.Алтынсарин» белгісінің иегері атанды. 

Кафедра мұғалімдері бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптарын оқу үрдісіне  және өндіріске енгізген. Мұғалімдердің ғылыми еңбектері тек Қазақстанда емес, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Литва, Қырғыстан сияқты елдердің ғылыми журналдарында, республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларында шығарылады. Профессор-оқытушылар құрамы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар ғылыми-әдістемелік құралдар мен оқулықтар дайындайды.

Жыл сайын М.Ауезов атындағы ОҚМУ-да техникалық мамандықтар бойынша «Жоғары математика» кафедрасында 1 курс студенттер арасында математикадан студенттік олимпиада өтеді, сонымен қатар «Жоғары математика» секциясы бойынша университеттің студенттік конференциясында жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталады.

Ғылыми бағыттары

Мемлекеттік бюджет бойынша орындалған  «Жоғары математика» кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары:

1. «Предельные теоремы для сумм случайных величин»

Халықаралық қатынастар

Кафедра мүшелері халықаралық конференцияларға белсенді қатысады. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Ресей, Қырғыстан және Өзбекстан Англия, Польша, Болгария және де  басқа  алыс жақын шет елдерінің ғалымдарымен  тығыз байланыста болады.