т.ғ.д., профессор Потапов В.А. сапары

Ғылыми кеңестер жүргізу және дәрістер оқу жоспары бойынша 5 нен 30 қараша аралығында "Тамақ инженериясы" кафедрасында Харьков Мемлекеттік Тамактану және Сауда Университетінің (Украина) т.ғ.д., профессоры Потапов Владимир Алексеевич

Потапов В.А. техника ғылымдарының докторы,қолданбалы механика және тоңазыту, сауда техникасы кафедрасының меңгерушісі, сонымен қатар, "Украина білімінің үздігі" атағы бар тәжірибелі ұстаз, тамақ өндірісіндегі технологиялық процесстер мен тамақтану жүйесін моделдеу саласының, тамақ шикізатын кептіру мен тоңазытқышта сақтау әдістерінің энерготиімділігін, материалдарды СВЧ өңдеу, тамақ өндірісі қалдықтарын қайта өңдеу технологиясы, тамақ өндірісінде транскритикалық флюидтерді және наносуспензияларды қолдану саласының белгілі ғалымы.

ОҚМУ жұмыс жүргізу барысында " Тамақ өндірісінің технологиялық процесстерін моделдеу" пәні бойынша авторлық дәрістер курсын оқыды.

ICITE-2018 халықаралық ғылыми-практикалық конференциясыда  баяндама тақрыбымен болды : «Theory and technique of drying at the excessive pressure».

 

"Тамақ өндірісінің кинетикасын молельдеу", "Тамақ өндірісіндегі аппараттар мен процесстердің энерготиімділігін жоғарылату" тақырыпта екі семинар ұйымдастырылды.

Магистрлік диссертация жұмыстары бойынша кеңес жүргізілді, бітіруші магистрлік жұмыстарына пікірлер жазылды, 6М072800 "Өңдеу өндірістерінің технологиясы" ОБ және "Өңдеу өндірістерінің технологиялық процесстерін заманауи моделдеу" пәнінен ОӘК жасауға байланысты ұсыныстар мен толықтырулар жүргізілді. Дәрістер мен ғылыми кенестердің нәтижесі бойынша оқу әдістемелік және ғылыми зерттеу жұмыстарының перспективті жоспары жасалды.