Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы

Кафедра меңгерушісі.

Тогатаев Турабек Усенбекович​

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

 

 

Мекен жайы: Шымкент қ., Тауке хан, 5, 5 (Д) корпусы, 402 Д .

Телефон: 21-19-84

 
 

Кафедра тарихы

«Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасы 2009ж. құрылды. Кафедраның  профессор-оқытушылар құрамы  5В073300 – Тоқыма материалдарының  технологиясы және жобалануы мамандығы бойынша бакалаврларды дайындайды. ТМТжЖ кафедраның ПОҚ  жалпы  саны  25 адамды құрайды,олардың 2 техника ғылымдарының докторы, 10 техника ғылымдарының кандидаты, 7магистр, 5 оқытушы және 5 зертханашы бар.

Тәжірибенің барлық түрі жүзеге асыру үшін, Қазақстанның өндіріс  орындары байланысқа  сүйенеді, олардың ішінде АҚ «Меланж», АҚ «Ютекс», ОҚФ АҚ «Казагрэкс», ЖШС «South Textiline KZ», ЖШС «Sun Tore», ЖШС «Технолог», ЖШС «Алдияр Тауэрс» және т.б.кафедрамен келісім-шарт жасалған.

2010ж. наурызда жұмыс бабымен  Манчестер университетінің өкілдері болған,олар айтарлықтай   перспективті студенттер мен  оқытушыларды Ұлыбританияға  оқуға және тағлымдамаға таңдап алу мақсатымен келген. Тоқыма профилінің студенттері  әлемнің бастаушы университетінің  білімін жалғастырып және  екі үлгідегі диплом алады.

Кафедраның оқытушылары және студенттері ғылыми зертханада Кафедра оқытушылары инновациялық жобаны орындауда

Ғылыми жұмыстар

ХIV студенттік ғылымиконференцияның  табиғиғи, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және  экономикалық ғылымдарының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ПрезидентініңҚазақстан халқына «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндігі» Жолдауы бойынша авторлары біздің кафедраның студенттері болып табылатын 102 ғылыми баяндама студенттік ғылыми конференцияның еңбек жинағында жарияланып және дипломмен марапатталды.

ТМТжЖ кафедрасы ғылым және білім аймағындағы Мәскеу мемлекеттік тоқыма институты, Иваново мемлекеттік тоқыма акдемиясы, «Сымбат»  сән және бизнес академиясы, СЭЗ «Оңтүстік», АҚ «Ақ Алтын» және ҚазҒЗИ мақта щаруашылығы, ОҚФ АҚ «Қазагрэкс» және ЖШС «South Textiline KZ» ғылым аймағындағы тәжірибе жоспарымен алмасуда.

Біздің жетістіктеріміз

Кафедрада жергілікті  тоқыма шикізаты болып табылатын шұғалы-киізден жасалған бұйымдарын инновациялы шағын  өндірістің жобалауы бойынша    жобалар іске асырылуда. Жобаның іске асырылуына жауапты ретінде: Тоқыма және тамақ инженериясы жоғары мектебінің деканы  Ботабаев Н.Е., кафедра меңгерушісі Тогатаев Т.У., аға оқытушы Бектұрсынова А. және аға оқытушы Қалдықұлов М. болып табылады.

«Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы » кафедрасының лабораториясында тоқыма бұйымдарын, әсіресе жұмысшы  қолғапты және трикотажды шұлықты шығарушы мини-өндірістік базасы құрылды.

Жоғары мектептің  үлкен жетістігі ретінде   «Жеңіл және тоқыма өнеркәсіп бұйымдары және өнімдері  технологиясы» мамандығының  3 курс студенті  Б.Туракулов Швейцариядағы «Rieter Award 2009» халықаралық студенттердің ғылыми өңдеу конкурсындағы жеңісін  атасақ болады, аталған конкурстыұйымдастырған«Rieter» фирмасы  - тоқыма жабдықтарын  өндіру бойынша  әлемдік көшбасшы болып табылады..  Зерттеліп отырған  жұмыстың тақырыбы  иірім сапасының  жоғарлату  проблемасына қатысты, сонымен қатар «Rieter» фирмасының жабдықтары Мақта арал,Шардара аудандарының  мақтасына арналған  жабдықтар болып табылады. Ғылыми жетекшісі доцент Серикбаев Б.Е.,«Меланж» АҚ өндірісі бойынша  кеңесшісі вице-президент Г.Златкович болды.

2010ж. қаңтар айында ОҚМУ-да жеңімпаз атынан  тау хрустал статуеткасы – бірінші сыйлықты беру үшін  «Rieter» фирмасының вице-президенті Ретто Том келді. Студент Б.Туракулов  «Rieter» компаниясының  кызметімен танысу үшін  Швейцарияға  шақыру алды.

Кафедрамыздың аға  оқытушысы Қалдықұлов М.С. тоқыма материалдарын сынау зертханасының қолғап тоқушы  қондырғысымен таныстыру сәті.