Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шаралар

ЖТ-16-2к2 тобында өткізілген «Адамгершілік – асыл қасиет» атты ашық тәрбиелік сағат туралы

2016 жылдың 29 қараша күні сағат 9.00-де ЖТ-16-2к2 тобында «Адамгершілік – асыл қасиет» атты ашық тәрбиелік сағат өткізілді. Бұл ашық сабаққа «Тәрбие және жастар саясаты» департаментінің директоры Ербол Рәбілұлы, Университеттің аға тәлімгері Сембай Дайрабайұлы, «Тоқыма және тамақ инженериясы»жоғары мектебінің деканы Ботабаев Н.Е., кафедраның меңгерушісі Шингисов А.У., жоғары мектептің аға тәлімгері Исабаев Қ.А., кафедраның аға тәлімгері Садырбаева И.Р.,  ЖТ-16-2к2 тобының тәлімгері Желеуова Ж.С. қатысты. Сабақта интерактивті тақта қолданылып, аудиторияның іші атақты ақын жазушылардың, философтардың нақыл сөздері жазылған плакаттармен безендендірілді. Ашық тәрбиелік сағат концерттік бағдарлама ретінде өткізілді, яғни тақырыпқа сай ән де, би де, күй де орындалып, баяндама оқылып, қара сөздер айтылып, ойындар да ойнатылды. Өткізілген ашық тәрбиелік сағат келген қонақтардың көңілінен шығып, өздерінің тілектерін айтып, ойларын білдіріп кетті.