Жаңалықтар

Хоф (Германия) қолданбалы ғылымдар университетінің ғалымдары «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы» кафедрасының   оқытушылары, магистранттарымен және студенттерімен кездесуі

 

2018 жыл 23 ақпанда  Хоф (Германия) қолданбалы ғылымдар университетінің ғалымдар «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы» кафедрасының  оқытушыларымен, магистранттарымен және студенттерімен мәжіліс залында кездесу ұйымдастырды.  Екі жақты кездесуде, Хоф (Германия) қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры Вольфранг Шротт және Инновациялық текстиль факультет деканы Майкл Раух Инновациялық текстиль факультетінің жетістіктері мен негізгі бағыттарын айта отырып, кафедра  оқытушыларын, магистранттарын және студенттерін қос диплом және академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыру мүмкіндігіне ие екендігін назарға алды.  Сонымен қатар (Германия) қолданбалы ғылымдар университетінің ғалымдарын біздің кафедраның тігін цехымен  және студенттер өндірістік іс-тәжірибеден және магистрлер ғылыми-өндірістік іс-тәжірибеден өтетін, атап айтқанда «Бал текстиль» ЖШС өндірісімен таныстырылды.