«Жас ғалым» атты факультетаралық КТК

Бүгін Елбасы Н.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру  аясында «Техникалық мамандықтарға арналған физика» кафедрасының  ұйымдастыруымен  «Жас ғалым» атты факультетаралық  КТК  өткізілді. Ойынға университет факультеттерінен 7 команда қатысты.

Техникалық мамандықтардың студенттері өздерінің шығармашылық қасиеттерін шыңдап, жоғары дәрежеде ойындарын көрсетті. Бұл рухани жаңғыруға біздің оқытушыларымыздың қосып отырған үлесі. Барлық кафедралар ұлттық болмысымызды сақтап қалуға, зияткерлік ұлтты қалыптастыруда, студент жастардың бойында патриотизмді одан әрі дамытуға аянбай еңбек етуі тиіс!