Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының конструкциялануы және технологиясы білім программасында халықаралық аккредитация процедурасы.

16.02.2014-17.02.2014 жыл аралығында Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының конструкциялануы және технологиясы білім бағдарламасы ASIIN (Неміс агентігі) халықаралық аккредитациясынан өтті. Біздің кафедраға сараптамалық комиссияның төрт мүшесі: Мелани Грунер, Борис Мальтиг, Хольгер Эрт, Клаус Белер, Хэннер Шмидт-Трауб келді.

Аккредитацияның 1-ші күні кесте бойынша келесідей іс-шаралар жүргізілді: сараптамалық топпен алдын-ала мәжіліс; білім бағдарламасына жауаптылармен әңгімелесу; зертханалар, техникалық жабдықтарды, оқу және оларға сәйкес бөлмелерді қарау, және де сараптамалық топпен келіссөз жүргізу.

Аккредитацияның 2-ші күні кестеге сәйкес келесідей әңгімелесулер өтті:  ЖОО басшылары қатысуымен білім бағдарламасына жауаптылармен әңгімелесу; мамандық бойынша әр-түрлі топ студенттермен әңгімелесу; қадағалаудың ресми органдары өкілдерімен әңгімелесу; кәсіпорын өкілдерімен әңгімелесу; білім бағдарламасы оқытушыларымен әңгімелесу; және соңында білім бағдарламасы қызметкерлерімен қорытынды әңгімелесу.

Қорытындыда ASIIN сараптамалық комиссия мүшелері біздің оқу процесіндегі жасалған жұмыстарды жоғары бағалады және жылы қабылдау мен қонақжайлық танытқанымызға алғыстарын білдірді.