«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәнінен студенттік олимпиада

2014 жылдың 1- 3 сәуір аралығында «Жеңіл және тамақ өндірісі» факультетінің «Тоқыма материалдары және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» каедрасының ұйымдастыруымен  «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәнінен 2 курс студенттері арасында студенттік олимпиада өткізілді.

Олимпиадада кафедрамыздың  6 топ студенттері қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, мақтау қағаздары және сыйлықтармен марапатталды. Сонымен бірге, олимпиадаға белсенді қатысып, жақсы нәтиже көрсеткен студенттер де назардан тыс қалмады. Нәтижелер төменде көрсетілген:   
    1 орын: Мақпал тобы.
Достанбаева Ә.
Сапар Г.
Тоқсан М.
Тұрмахан Ж.
2 орын: Жібек тобы.
Әбдіразақ А.
Әлімхан Г.
Өмірзақ Т.
Бейсехан Т.
2 орын: Барқыт тобы.      
Амирханова М.
Оңғарбаева А.
Төрехан Б.
Махамбет Г.
3 орын: Шұға тобы.
Исабекова Г.
Намазбаева Ж.

Өткізілген олимпиада қорытындысы және жасалған талдау нәтижелері  бойынша келесі шешім қабылданды:
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәнінен студенттік олимпиада жоғары дәрежеде ұйымдастырылды және ғылыми-әдістемелік деңгейде өтті.
Жасалған талдаулар студенттердің теориялық білімге аз көңіл бөлетіндігі айқындалды.
    Болашақта олимпиаданы өткізу процедурасын сыйлық фондық көбейтумен, барлық факультеттерді қамтумен және оны бірнеше кезеңге бөлумен жетілдіру жоспарлануда.