Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялануы

 

Кафедра меңгерушісі

Махмудова Гулжамал Иманқұлқызы

Техника ғылымдарының кандидаты, профессор

Байланыс мәліметтері: ғимарат №5 (Д), 108каб.,

Жұмыс телефоны: (87252) 30-02-54

E-mail: Maxmudova1974@mail.ru

 

►Профессор-оқытушылар құрамы

 Түзету әрекеттерінің жоспары 

Жалпы мәліметтер

«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкцялануы» кафедрасының тарихы

2014 жылы кафедра атауы «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы» болып өзгертілді.

«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы» кафедрасында жалпы  19-профессор –оқытушылар  құрамы,  оның ішінде 1-профессор,  3- ғылым кандидаттары, доценттер, 2 -PhD докторы, магистрлер, оқытушылар қызмет атқаруда.

2018-2019оқу жылынан бастап кафедраны т.ғ.к., профессор Махмудова Гүлжамал Иманкуловна басқаруда.

«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы» кафедрасының меңгерушісі, профессор, техника ғылымдарының кандидаты Махмудова Гүлжамал Иманкуловна 2013 жылдың ең үздік оқытушысы, Білім және Ғылым Министрлігі тарапынан  өткізілген 2015 жылғы Республикалық қаржыландырылған грант иегері, 220-дан астам  ғылыми мақалалар шығарған,олардың ішінде 2 монография, 15 патент және авторлық куәлік, 17-оқу құралы, 15-электронды оқу құралы, Скопус базасында 30-дан астам ғылыми мақалалар, Индия, Франция және БҰҰ елдерінде 70 ғылыми мақалалар, сонымен қатар, БҰҰ елдерінде, АҚШ, Франция, Германия, Англияда 100-ден аса халықаралық конференцияларға ғылыми мақалаларымен қатысқан. 2018 жыл наурыз айының 14 жұлдызы мен сәуір айының 6 жұлдызы аралығында Халықаралық грант иегері Шанхай қаласындағы Дунхуа университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Нәтижесінде  Дунхуа  университетінің  сертификаты  және  үздік дипломымен марапатталды.  

 

Бұл тағылымдама тоқыма және жеңіл өнеркәсіп бағытындағы Халықаралық  грант болып есептелетін «Бір белбеу – бір жол» бағдарламасы деп аталады. Бағдарлама тиісті кәсіпорындардың интернационализациялау стратегиясын әзірлеуге, қызмет етуге, мәдени және ақпарат алмасу кезеңін қалыптастыруға мүмкіндік беріп, шағын және орта кәсіпорындардың өнімдерін халықаралық тасымалдауға интеллектуалды қолдауды қамтамасыз етеді.

Қытайдың ірі экономикалық, қаржы, коммерциялық және көлік орталықтарының бірі Шанхай қаласы болып табылғандықтан, Қытай Республикасының Білім министрлігі тағылымдамадан өту үшін  Шанхай қаласын таңдады.

Шанхай (上海, Shànghǎi, «Верховья моря») - Қытайдың шығысындағы орталық ең ірі елді мекен және әлемдегі ең ірі қала. 

Тоқыма өнеркәсібі өндіріс факторларының артықшылығы мен нарық ауқымы арқасында ұзақ уақыт бойына Қытай экономикасының негізі болды. Сондықтан Халықаралық грант Қытайдың тоқыма өнеркәсібінің бәсекелестік артықшылықтарын терең зерттеуге бағытталған. Осы негізінде Халықаралық байқау өткізілді. Тағылымдамадан өту мерзімі 2018 жылдың 14 наурыз бен 6 сәуір аралығында болып өтті.

Бағдарламаның мазмұны 4 модульді қамтыды:

1. Тоқыма өнеркәсібінің және халықаралық ынтымақтастықтың шекарасы

2.  Шанхай қалалық рухы

3.  Қытай мәдениеті мен жүйесі

4. Қытайдың тоқыма өнеркәсібін  Халықаралық деңгейде зерттеу.

Сонымен  қатар профессор Махмудова Гүлжамал Иманкуловна,  2014 жылы Германия Федеративтік Республикасында Дюссельдорф қаласында, 2015 жылы Франциядағы Ниццы қаласындағы Ниццы университетінде, сол жылдың өзінде Ресей қаласындағы Разумовский атындағы университетте, 2016 -2017 жылдар аралығында Ташкент қаласында Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институтында  ғылыми тағылымдамадан өткен.

Іс-тәжірибе базалары

Студенттер іс-тәжірибесі оқу процессінің бірден-бір маңызды әрі міндетті формасы болып табылады. Аталмыш білім программасы бойынша бакалавр іс-тәжірибе базалары болып өнеркәсіп орындары:

Кафедрада мамандық студенттері үшін жеңіл өнеркәсіп саласының озат кәсіпорындарымен – ЖШС «SabTex», ЖШС «Аzala Textile», ЖШС «Сауле», ЖШС «South Text line KZ», Алматы қаласындағы ЖШС «Sun Textiles», ЖШС «АХБК» кәсіпорындарымен, Алматы технологиялық университетімен, Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсібі институтымен  тығыз қарым-қатынаста ғылыми жұмыстар, тәжірибе алмасу, жетілдіру, іс-тәжірибе бағытындағы іскерлік келісім шарты бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Кафедра тек оқыту мен кадраларды дайындау сапасын арттыруда ғана емес, сонымен бірге оқу-әдістемелік базасын жасау мен ғылыми–зерттеу жұмыстарын елеулі орындауда.    

Кафедраның ғылыми бағыты:

2018 жыл 23 ақпанда  Хоф (Германия) қолданбалы ғылымдар университетінің ғалымдар «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы» кафедрасының  оқытушыларымен, магистранттарымен және студенттерімен мәжіліс залында кездесу ұйымдастырды.  Екі жақты кездесуде, Хоф (Германия) қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры Вольфранг Шротт және Инновациялық текстиль факультет деканы Майкл Раух Инновациялық текстиль факультетінің жетістіктері мен негізгі бағыттарын айта отырып, кафедра  оқытушыларын, магистранттарын және студенттерін қос диплом және академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыру мүмкіндігіне ие екендігін назарға алды.  Сонымен қатар (Германия) қолданбалы ғылымдар университетінің ғалымдарын біздің кафедраның тігін цехымен  және студенттер өндірістік іс-тәжірибеден және магистрлер ғылыми-өндірістік іс-тәжірибеден өтетін, атап айтқанда «Бал текстиль» ЖШС өндірісімен таныстырылды.

«Жеңіл өнерсәсіп бұйымдарының инновациялық технологиясын зерттеу Б-16-05-15»

Жетекшісі: Мырхалықов Ж.Ү., Қалдыбаев Р.Т., Қайранбеков  Ғ.Д., Махмудова Г.И.,

- «Киімді конструкциялау және ресурсақтағыш технологиясын зерттеу Б-16-05-08»   Жетекшісі: Мырхалықов Ж.Ү., Қалдыбаев Р.Т., Қайранбеков  Ғ.Д., Махмудова Г.И

Қазіргі заман талабына сай, студенттердің кафедрада курстық жұмыс, курстық жоба, дипломдық жұмыс, дипломдық жоба орындауына перспективалық жоспар құрастырылған.

Кафедраның даму жоспарында:

  1. Ұйымдастыру жұмысы.
  2. Оқу - әдістемелік жұмысы.
  3. Ғылыми – зерттеу жұмыстары.
  4. Ғылыми білім беру жүйесінің ақпаратты қамтамасыздандыру.

«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкцялануы» кафедрасында академиялық ұтқырлық.

Академиялық ұтқырлық деп арнайы уақыттық мерзімге басқа білім беру немесе ғылыми ұйымдарға оқытушылар немесе студенттерді оқуға, сабақ беруге, ғылыми жұмыспен айналысуға немесе біліктілігін арттыруға жіберуді айтамыз.

«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкцялануы» кафедрасы бұл бағытта белсенді жұмыс жасауда, жыл сайын академиялық ұтқырлық программасы бойынша кафедраның үздік студенттері семестрлік оқу жылын серіктес-вуздарда өтуде.

«ЖӨБТжК» кафедрасы студенттер үшін академиялық ұтқырлық программасын Ішкі академиялық ұтқырлық программасы бойынша  еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындары Алматы Технологиялық университетінде (Алматы қаласы), кафедрамыздың студенттері білім алмасуда.

Шетелдік ғалымдармен бірлесіп ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу жолға койылуда, бірлесіп ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге белсене қатысуда, және де кафедрамызға келіп лекция оқуда.

Күзгі семестрде академиялық ұтқырлық бойынша  ЖТ-15-1р тобының студенті Иманкулова Мария Алматы технологиялық университетіне барып тәжірибе алмасып келді

МЛП-15-1нк.  Ізбасарова Ж. А.Н.Косыгина атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде (2017ж.)

Біздің жетістіктер

2018 жылдың 12-13 сәуірінде Алматы технологиялық университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орандарының студенттері арасында өткізілген Х Республикалық пәндік олимпиадасында «5В072600-Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы бойынша студент Алжан Арайлым Әлімжанқызы ІІ орынды иеленді.

Кафедраның тәрбие жұмысының орындалуы

Барлық академиялық топтарда оқу жылына арналған жаңа тәрбие жұмыстарының жоспарлары түзілген.

Барлық тәлімгерлер бекітілген жоспар бойынша жұмыстарын  атқаруда. Топтарға тағайындалған тәлімгерлер апта сайын тәлімгер сағаттарын өткізіп, хаттамаларын жазып отырады. Мерекелер қарсаңында қабырға газеттері шығарылып, кафедра және аудиторияны безендіруге әр топ ат салысады.

Жалпы кафедрадағы  жоспар бойынша бекітілген іс-шаралар  уақытында өтіліп тұрады. Тәлімгерлер әр апталық тәлімгер сағатында студент жастардың адамгершілік,патриоттық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында тәрбиелік мәні зор әңгімелер жүргізіп отырады. Факультет тарапынан берілген тапсырмалар дер кезінде орындалады. Аталған тақырыптар  бойынша презентация жасалады.

 

Бозбала мен Бойжеткен 2018 байқауының 1 орын иегерлері «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» кафедрасы        ЖТ-17-1к1 және ЖТ-17-1к4  топтарының студенттері Сламбек Жәнібек пен Съезд Жанар.

Кафедра аға оқытушыларының мектеп бітірушілерне кәсіби-бағдар беру жұмыстары

Кафедра оқытушыларының білімін жетілдіру жайлы мәлімет

Кафедра бойынша оқытушылар құрамының біліктілігін жетілдіру жоспары құрылған.

2019 жылы мамырдың 4 жұлдызында Алматы техникалық университетінде кафедраның доценты Кайранбеков Габит Дарменбекович «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдары және тоқыма материалдарының сапасын бағалау» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтті.