Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті студенттері университетіміздің 70 жылдық мерейтойына арналған жәрмеңке

Өткізілген жері: Д корпусы. 11.10.2013ж.
Қатысқандар: «Жеңіл және тамақ өнеркәсібі» факультетінің деканы С.Б.Байжанова,факультет бойынша орынбасары  А.А. Ешжанов, студенттік ректор С. Мырзатай, тәрбие ісі бойынша студенттік проректор Ө.Пайыз, студенттік декан Н.Муталов және факультет студенттері.
Жәрмеңкені факультет деканы С.Б.Байжанова ашты. Ол өз кезегінде біздің студенттер, әсіресе белсенді студенттер тек оқып қана қоймай, сонымен қатар осындай іс шараларға да белсене қатысатындықтықтарын баса айтты. Студенттердің дайындаған тағамдары аталған жәрмеңкеде арзан бағада сатылды. Аталған жәрмеңкеде сонымен қатар бірқатар ойындар да ойналды. Басқа факультеттің белсенді студенттері де осы ойында лимонды жеу және сусындарды ішу сияқты ойындарды жүргізіп, ойынды қыздыра түсті. Факультет студенттері, әсіресе «Тамақ өндірісі» кафедрасының студенттері жеңімпаздарға университетіміздің 70 жылдығына арналған торттан (10 кг) сыйлыққа таратты. Бұл іс шара студенттік ректор С. Мырзатаевті қанағаттандырып, өз кезегінде аталған іс шара жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Студенттік декан Н. Муталов мұндай іс шаралар тұрақты түрде өтетіндігін басты назарға алды.